Таразда «бала саудасымен айналысты» деген екі медицина қызметкері ұсталды

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған


25/01/2023
12:29 21856 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Тараз қаласында «бала саудасымен айналысты» деген күдікке іліккен медицина қызметкерлері қамауға алынды. 

 

Жамбыл облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті мен Тараз қаласының прокуратурасы «жаңа туған нәрестелерді саудалаумен айналысты» деген күдікпен екі медицина қызметкерін қамауға алды. 

 

– Осыған байланысты 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 125-бабының 1-тармағыбойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласы көпбейінді ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 28-бабына сәйкес, ұсталған адамдар қамауға алынды. Қылмыстық іс қала прокуратурасының қадағалауында, –  делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Поделиться

Нет комментариев.

25/01/2023 12:29
21856 0

Уведомление